Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарактың студенті Республикалық азаншылар жарысында жүлдегер атанды (Фото)

09/10/2020

Бүгін Ақтау қаласында ҚМДБ 30 жылдығына орай республикалық ІV азаншылар жарысы өтіп, Нұр-Мүбарак университетінің 1 курс студенті,  «Нұр Мүбарак» мешітінің азаншысы Ақназар Маратұлы 3 орынға ие болды.

«Әдемі әуезді азаншы» байқауы елімізде төртінші рет ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Битеновке, екінші орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлына бұйырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жеңімпаздарды  марапаттап, азаншылар жарысын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар екенін айтты.

 

Ұқсас жазбалар