Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Министр Нұрлан Ермекбаев: „Нұр-Мүбарак„ университетініне артар үмітіміз де мол!

19/11/2016
Бүгін Қазақстан Республкиасы Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев 
„Нұр-Мүбарак„ университетіне арнайы ат басын тіреді. 
Университет ғимаратына кірместен, оқу кешенінің жалпы құрылымымен танысудан 
бастаған министрге  проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза оқу орнының 
тарихына дейін қысқаша таныстырып өтті. 
Толассыз жауған қарға қарамстан университеттің  оқу-әдістемелік мешіті, 
жаңа ғимараты, студенттер жатақханасы жайлы жақсы танысып үлгерді. 
Әуелі, университет басшылығымен кездесіп, оқу орнының барлық жағдайымен, 
студенттердің жан-жақты оқу мәселелері, ұстаздар құрамымен ғана емес 
болашақ жоспарлар жайлы да талқылап, артынша, магистрант, докторант, 
ұстаздармен кезедсті. 
Ректор, профессор Жуда Басюни жаңадан ашылған министрліктің маңыздылығына 
тоқталып, ел үшін аса жауапты қызметті арқалаған министр Нұрлан Байұзақұлына 
сәттілік тіледі.
 Ал министр Нұрлан Ермекбаев, өз кезегінде, „Нұр-Мүбарак„ университетінің 
дін мәселелерінде маңызды орны  бар екендігіне тоқтала келе, зайырлы бағытты 
ұстанған еліміздегі жалпы діни ахуалдың, ұстанған бағыттың стратегиялық маңызды
 тұстарына тоқталды: 
- Ең әуелі, еліміздегі басқару реформаларындағы өзгерістерге сай, 
„Нұр-Мүбарак„ университеті Қамқорлар Кеңесінің құрамында, тең төрағалықта 
өзгерістер болады.  Бұл жөнінде біз Египет Араб Республикасындағы әріптестерімізге
 арнайы хабар береміз.
 Болашақта университетке бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының артуына 
мүдделілік танытамыз. Сіздер еліміздегі деструктивті діни ағымдармен  күресте 
білікті мамандар даярлап жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. ҚМДБ-ның 2020 жылға 
дейінгі білім тұжырымдамасын да жүзеге асыруда бұл университеттің орны ерекше. 
Осы университетте жақында ғана ашылған «Экстремизмнің алдын алу саласындағы 
мамандарды қайта даярлау институтының» жұмысы назарымызда. Біз өз елімізде
 дәстүрлі ислам негіздерін дамыту арқылы қазақстандық моделін қалыптастыруымыз керек. 
Себебі, елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстар, сан түрлі діни-сенім иелері шоғырланғандықтан 
олардың тату-тәтті  өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек. 
Бұл тұрғыда зайырлы бағытты ұстану басты жолымыз,-деген министр жалпы еліміздегі 
ахуалға жан-жақты кеңінен тоқталып өтті. Ел дамуында діндарлар нағыз патриоттылық
 таныту керектігіне, Бұл арада Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары мен түлектеріне 
сенімін білдіре келе, Ақтөбедеде теріс ағым жетегінде жүргендермен жұмыс жасауда 
белсенділік танытқан ұстаздарымызға арнайы алғыс білдірді. Министр Н.Ермекбаев: 
 „Нұр-Мүбарак„ университеті жанындағы „Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының„ 
қызметін арттыру аса маңызды. Ата-бабамыздың ұстанған дәстүрлі ислам
 жолын дамытатын жаңа еңбектер шығарылып, қазірдің өзінде елмен етене еңбек
 етіп жатқан имамдар мен исламтанушы, теологтарға көмекші құрал болуы тиіс, - деп,
 Нұр-Мүбарак университетіндегі әрбір жаңалықты қалт жібермейтінін аңғартты. 
Бүгінде азаматтар арасындағы радикалды көзқарас деңгейін төмендетіп, сәляфизмді 
теологиялық тұрғыдан әшкерелеу үшін „Нұр-Мүбарак„ университеті барынша 
ат салысуы тиіс екендігін айтып ұстаздар мен  ғалымдар, магистран, докторанттар 
еншісіндегі маңызды міндеттерге ерекше тоқталып өтті. Ал оқытушылар ұжымы атынан да 
қазақ және араб ұстаздардың өкілдері өз лебіздерімен қатар 
пікірлерін жеткізіп, министрге ұлы бастама жолында сәттілік тіледі.

Маңызды кездесуден соң, Министр Нұрлан Байұзақұлы университет күшімен шығарылған 
кітаптар, оқулықтар мен еңбетермен танысты. Студенттер жатақханасын аралап, 
білім жолындағы жастардың тыныс-тіршілігімен жіті танысып өтті. 
Ия,әсем Алатау бөктеріндегі Алланың нұрына бөленген білім шаңырағына 
ҚР ДАҚ министрі Нұрлан Байұзақұлының жасаған алғашқы зияраты 
көптеген жақсы жаңалықтарды сүйіншілеумен қатар, 
зайырлы қоғамдағы ата дініміздің дамуына деген ерекше сенімді аңғартты. 

                                                     ФОТОБАЯН

dinministr20161

dinministr20162

dinministr20163

dinministr20164

dinministr20165

dinministr20166

dinministr20167

dinministr20168

dinministr20169

 dinministr201611

dinministr201612

dinministr201613
Ұқсас жазбалар