ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ

ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ

Жақында ғана 20 жылдық аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген Нұр-Мүбарак университеті өзара қорытынды жасап, біршама қызметкерлерге марапат табыс етті. 10 мемлекеттен офлайн және онлайн қонақтар қатысқан халықаралық конференция қатысушылары «өте жоғары» баға берді.

Бұл жайлы университет ұжымы алдында есеп берген проректор, доцент Қайрат Құрманбаев жан-жақты толығырақ тоқталып өтті. Сондай-ақ университеттегі департамент, бөлім, секторлардың атқарған жұмыстарына баға беріп, есептеріне шолу жасады. Ұжымды бірлікке шақырып, ислам дінінің құндылығына сай болуға үндеді.

Жиын соңында университеттің дамуына ат салысып, ұстаздық салада шәкірттерге үлгі болып жүрген оқытушылар, білім беру саласынан өзге бөлімдерде үздік  еңбек етіп жүрген қызметкерлерге 20 жылдық мерейтойлық төсбелгі, Алғыс хаттар табыс етті. Биылғы жылды жемісті қорытындылаған жиын соңында ақ дастархан жайлыпы, ризалық дәмі ұсынылды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

62