Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Өндірістік іс-тәжірибенің есеп беру конференциясы жоғары деңгейде өтті

20/09/2018

Нұр-Мүбарак университетінің 3-4 курс студенттері жазғы маусымда өткен өндірістік  іс-тәжірибелерінің қорытындысын ортаға салды. «Исламтану» кафедрасының оқытушысы, докторант Жайдар Рахымғазиев, Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Маржан Жолмағанбетова ұстаздардың жетекшілігімен өткен есептік басқосу өте пайдалы өтті. Себебі студенттер бес аптаға созылған жазғы тәжірибе уақытында көрген-білгендерін, жасаған жұмыстары мен көкейге түйгендерін ортаға салды.

  • Тәжірибе уақытында мен тек мешіттерде ғана емес, түрлі діни ағым өкілдерімен де жүздесуіме тура келді. Сондықтан университет қабырғасында тек ислами біліммен шектеліп қана қоймай, түрлі діни конфессиялар мен ағымдардың тарихын, мақсат-мүдделерін білу өте қажет екеніне көзім жетті, — дейді студент Рифхат Қусаинов.

Студенттер жазғы маусымда мешітке келген жамағаттарға ақида, фиқһ, Құран дәрістерін өткен. Ел арасында әсіресе әйел жамағаттарына ұстаздар жетіспеушілігі басым екендігі тәжірибе уақыттарында анық аңғарғандарын алға тартуда. Осындай мәселелерді ортаға салып, өзара тәжірибелерімен бөліскен студенттердің жасаған жұмыстары жайлы шағын бейнероликтер, слайд т.б. деректерін жетекшілер жоғары бағалады.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар