• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Қазақстанның өкілдері Нұр-Мүбарактағы аймақтық студенттермен кездесті

Оңтүстік Қазақстанның өкілдері Нұр-Мүбарактағы аймақтық студенттермен кездесті

20/03/2018

    Оңтүстік аймақ жоғары білімді діни мамандарға ең зәру өңірлердің бірі. Сондықтан Қазақстан...

 

 

Оңтүстік аймақ жоғары білімді діни мамандарға ең зәру өңірлердің бірі. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдері Нұр-Мүбарак университетіне келіп, болашақ түлектерге қолқа салды.  Өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтанберді мен Шымкент медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай оңтүстіктің студенттерінің басын қосып, аймақтағы ахуалмен таныстырып, білікті мамандардың қажеттігін алға тартты.

  • Қазір елімізде үш мыңға жуық мешіт болса, соның 824-і Оңтүстік Қазақстан облысында. Халық тығыз орналасқандықтан, білікті, жоғары білімді мамандар аса қажет. Сондықтан өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев мырза жоғары білімді мамандарды, Нұр-Мүбарак университетінің тәжірибелі түлектерін аудандық, орталық мешіттерге бас имам етіп тағайындауда. Имамдардың әлеуметтік жағдайына «Уақыф» корпоративтік қорынан 97 имамға көмек көрсетіле бастады,-деді Мұсабек Ақтанберді сөз барысында.

Сондай-ақ кеше ғана Республикалық медресе-колледжаралық олимпиадада алтын кубокті иеленген Шымкент медресесінің директоры Талғат Әсембай да болашақ түлектер арасынан ұстаздыққа, әсіресес әйелдер бөлімдеріне  шақырды. Осыған дейін университет түлектерін имамдыққа, түрлі әкімшілік саладағы теолог маманы болуға шақырып келсе, медерсеге ұстаздыққа алғаш рет арнайы ұсыныс жасалуда.

Дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінде  ОҚО-нан 200-дей шәкірт білім алуда. Мұсабек Ақтанберді университет түлектері тек имамдық салаға ғана емес, түзеу мекемелері, департамент, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, ұлттық қауіпсіздік комитеттеріне сұраныс артуда. Ел арасындағы жат ағым жетегіндегілермен күресуде жоғары білімді мамандардың мерейі үстем түсуде. Осындай жағдайларды алға тартқан шымкенттік өкілдер болашақ түлектерді оңтүстік өңірге қызмет етуге шақырды.