Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ОПҚ үшін Google формасында тест құрастыру видеонұсқаулығы (ВИДЕО)

01/05/2020

Googl формасында тест қалай құрастырылады? Ол үшін бірінші тест сұрақтары мен жауаптарының электронды нұсқаларын дайындап аламыз. Сонымен қатар біздің Googl жүйесінде тіркелген аккаунтымыз болуы қажет. Аккаунтқа өткеннен кейін көп қосымшылардың арасынан өзімізге керекті диск қосымшасына өтетін боламыз. Және бұл жерде тест тест тапсыратын пән бойынша папка құрылады. Дәл аталған тағы бір папка ішіне тест  тапсыратын папканы көрсетеміз. Енді топтың ішіне өтіп, создать деп Googl формасының алғашқы бетіне өтеміз. Жалпы аталған осы папкіде болашақта барлық тест бойынша сұрақтар мен жауаптары көрсетілген мәліметтер енгізіліп отырады.

Googl форманың алғашқы бетіне жеттік. Енді біз тестке керек мәліметтерді енгіземіз. Ең алдымен новая форма деген жерге тексттің тақырыбын көшіріп қоямыз. Сондай-ақ осы тест бойынша әр дұрыс жауапқа 2 балдан деп кішігірім мәлімет беруге болады. Және мұнда тағыда біз сұрақ қоямыз. Сұрақ студенттің аты-жөніне байланысты. Студент өзінің аты-жөнін теріп енгізу қажет. Сол үшін біз оң жақтағы тізімнен текст строканы таңдап аламыз. Одан бөлек төмен жақтағы міндетті сұрақ дегенді барлық тест сұрақтарына  белгілеп қойғанымыз абзалырақ. Себебі, студент толтырылмаған жауаптарын жіберіп қоймас үшін. Жалпы біздің тесттің бастапқы қадамдары дайын.

Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп, видеонұсқаулықтан көре аласыз.

 

Ұқсас жазбалар