Отбасы және неке жайлы шуақты жүздесу

19/04/2017

Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі, бұл қашанда өзекті тақырып.

uagizSH 4 2017 2

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді„ деген тәмсілді сан-саққа жүгіртетіндер кездесіп жатады. Алайда, халқымыздың „Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі„ деп, әйел затының мойнындағы жауапкершіліктің маңыздылығын нақтылай түсетіні белгілі. Пайғамбарымыз (с.а.с.):«Бұл дүние өткінші, ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел»,-деген. Сондықтан, отбасындағы әйел адамның адалдығы, салиқалы болуына ата-бабамыз ерекше мән берген. Осы орайда, „Нұр-Мүбарак„ университетінің студент қыз-келіншектеріне ғылым докторы Шамшәт Әділбаева ханым „Отбасы және неке„ тақырыбында арнайы дәріс өткізді.

Дәріс барысында қыз баланың тәрбиесі, болашақ жарды таңдау, отбасындағы әйел міндеттері сынды маңызды мәселелер дініміздегі дәлелдермен кеңінен қозғалды. Өз кезегінде қыздар да көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Тек неке, отбасы ғана емес, әке-шеше, ата-ененің орны жайлы, олармен қарым-қатынас мәселелері айтылды.

— Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі, бұл қашанда өзекті тақырып. Сондықтан, исламдағы әйел мәселесі қашанда ауқымды және барлық сұрақтарды қамтыған сала,- деді ғылым докторы Шамшәт Амангелдіқызы.

— Біздің Дін және тәрбие бөлімі де университетімізде қыз-келіншектердің тек біліммен ғана шектелмей, ұлттық тәлім-тәрбие алуы, отбасындағы әйел адамның орны, міндеттері жайлы кеңінен мағлұмат беріп, үйретуді үнемі назарда ұстайды. Сондықтан, біз шәкірттердің әрбір уақытын тиімді пайдалануға тырысамыз,-деді бас маман Гүлдана Қаңлыбаева ханым.

Ия, Нұр-Мүбаракта білім алушы қыз-келіншектер бір отбасының келіні, болашақ ана ғана емес, ертең иманды ұрпақ өсіретін әйелдер қауымына ұстаз болатыны білгілі. Сондықтан, бұл мәселе университеттің әрдайым жіті назарында.

 uagizSH 4 2017 3

uagizSH 4 2017 2

uagizSH 4 2017 5

uagizSH 4 2017 4