Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Поэзия патшасы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

27/02/2019

Нұр-Мүбарак университетінде қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті ақын, драматург, халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Ақын көзі жұмылмас,

Жырдың көзі жұмылмай.

Елдің туы жығылмас,

Тілдің туы жығылмай,-деп ана тілінің маңызын ел болашағымен керемет ұштастырған жазушы жайлы қысқаша  бейнебаяннан кейін студенттер ақынның «Алыстан хат», «Сырдария» «Алатау» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқумен өнерлерін ортаға салды. Бірі күмбірлеген домбырамен төгілтіп күй шертсе, бірі ғибратты терме орындады. 1-курс студенттері ақынның «Толағай» атты поэмасының желісінде жасалған шағын сахналық көрініс ұсынып, бұл көрермендерге керемет әсер сыйлады. Қойылыммен қатар экраннан  «Толағай» жайлы мультипликациялық фильм көрсетіліп жатты.

Қоғам дүбіріне құлақ түріп, халқына қызмет еткен жаны жырға толы сыршыл ақын ел қамын жырлай жүріп жылады, «Поэзия патшасы» да атанды. Қоғам мен ұлт рухын ұштастырған ақынның кеші студенттерге ерекше әсер сыйлап, қазақ әдебиет әлеміне ғана емес, өткен тарихқа да саяхат жасауға мүмкіндік берді.

«Әдебиетті білу, тарихты құрметтеу, ұлтыңды құрметтеу, сондықтан қыздар тек діни біліммен шектелмей жан-жақтылығын көрсетіп, менің де көңілім ерекше әсерге бөленді»,-дейді тіл маманы, магистр Гүлбану Суамбекова.

«Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, куратор-эдвайзер пед.ғ.к. Нұрзия Әбішева шығармашылық кеште өнерлерін ортаға салған қыздарға ғана емес, тапжылмай тамашалаған көрермендерге де шексіз ризашылығын білдіріп, оқуларына сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар