Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Проректор, доцент Қ.Құрманбаев республикалық семинар-практикумда баяндама жасады

27/11/2018

Зайырлылық пен дін мәселелері бүгінде көпшіліктің әлі түсіне алмай жүрген тақырыптары. Себебі зайырлылықты дінсіздікпен шатастырып, кереғар әрекеттерге баратындар да кездесіп жатады. Сондықтан  Алматы облысы дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетімен келісіліп «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: өңіраралық тәжірибе алмасу» республикалық семинар-практикум өткізді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтер бастаған республикалық жиында университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев «Зайырлы мемлекеттегі дін қызметкерлерінің  орны» атты баяндама жасап, бүгінгі дін саласындағы мамандардың міндеттеріне тоқталып өтті. Қоғамдағы діни жағдай мен діндарлықтың ғылыми-методологиялық тұрғыда талдау жасау қажеттілігін ұсынды.

Қазір елімізде 18 түрлі конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектілері тіркелген. Олардың өзара татутықта өмір сүруі мемлекеттік жүйеге ғана емес, дін саласындағы мамандардың да жан-жақтылығына байланысты. Семинар мақсаты да мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру, еліміздегі діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарды ілгерілету, діни ахуалды зерделеу саласында тәжірибе алмасу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеяларының алдын алу.
Шара аясында Алматы облыстық дін істері басқармасының іс-шараларынан мағлұмат беретін сурет көрмесі ұйымдастырылып, «Дін – бірліктің рухани тірегі» атты фильм көрсетілді. Кейін, Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Діни экстремизм құрбандарымен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» жұмыстары таныстырылды.

 

 

 

Ұқсас жазбалар