Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Маңғыстау жұртына жаңа ғылыми зерттеу тақырыбы жайлы ой салды

19/11/2018

«Ілімнің бұлағы, тақуалық қайнары» атты жаңа қолжазбаның тұсаукесері салтанатты түрде тұсауы кесілді. Ақтау қаласында өткен шарада жаңа еңбектің лентасын облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан кесті.

Алқалы жұрт пен ғалымдардың басын қосқан ғылыми конференция барысында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысып «Ержан хазрет Төлегенұлы және оның діни мұрасы атты» баяндама жасады. Ержан абыздың еңбектері кеңестік кезеңдегі атеистік идеология салдарынан имандылығынан ажырап бара жатқан қоғамға өсиет аманаты екендігіне тоқталып, оның еңбегінен үзінділер келтіріп, діни ұстанымы ханафи-матуридилік мектептің өкілі екендігін дәлелдеді. Маңғыстау жұртын хазірет  Е.Төлегенұлының еңбектеріне ғылыми диссертациялық зерттеулер жасауға шақырды. Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерімен бірге тарихи Шақпақ ата жерасты мешітіне зиярат жасады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген игі шараға ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Б.Мырзаев, Нұр-Мүбарак  университетінің оқытушысы, PhD М.Исахан мырзалар қатысты.

Салтанатты шарада хазрет Ержан (Ермұхаммед) Төлегенұлының тағылымы мол өмірбаяны мен еңбектері қалың жұртқа паш етілді. Сондай-ақ  оның  жәдігерлері, қолжазбалары мен оқыған Құран кітабы  көпшілік жұртқа  көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар