Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Мысырда өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысуда

21/01/2019

 

Египет Араб Республикасының  астанасы Каир қаласында «Мемлекеттің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұлттық сәйкестікті қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтуде. Мысыр президентінің қолдауының аясында Уақып министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан алқалы жиын жұмысы екі күнге созылмақ.

Халықаралық конференцияға Қазақстан тарапынан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тапсырмасымен елімізден арнайы делегация аттанған болатын. Делегация құрамында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев та бар. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған топ айтулы жиын аясында бірегей баяндамалар жасап, арнайы кездесулер өткізу жоспарланған.

Бейбарыс бабамыз билік құрған Мысыр жеріндегі халықаралық басқосуға Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев, «Нұр-Мүбәрак» университетінің оқытушысы, докторант Сейдмұхаммед Абдунаимдар қатысып, халықаралық деңгейдегі басқосу барысында еліміздегі діни ахуал мен мүфтият жұмыстарын таныстыруда деп хабарлайды www.muftyat.kz сайты.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар