• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Проректор, профессор Шамшәдин Керім мерекелік төсбелгімен марапатталды

Проректор, профессор Шамшәдин Керім мерекелік төсбелгімен марапатталды

05/07/2018

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім арнайы төсбелгімен...


Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім арнайы төсбелгімен марапатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған мерекелік марапат ел дамуына елеулі үлес қосып, ерік-жігерлері мен білімдерін жұмсап, салиқалы ұрпақ тәрбиесінде саналы ғұмырларын сарп етіп жүрген жандардың еңбегіне алғыс іспеттес.
— Бұл менің ғана емес, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымына берілген марапат. Біздің университет тек маман даярлап қана қоймай, салауатты да иманды, білімді жастар тобының қалыптасуына ұйытқы білім ордасына айналғаны рас. Себебі Нұр-Мүбарак универсиетінде елімізге ең танымал, білімді де білікті дін мамандары, жас дарынды ғалымдар тобы шоғырланып үлгерді. Еліміз бойынша исламтанушыларды даярлауға маманданған жалғыз жоғары оқу орнына Орта Азия, ТМД елдеріндегі әріптестеріміз де қызығушылықпен қарайды. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак халықаралық деңгейде Мысыр мен қазақ елі арасындағы алтын көпір деуге болады, — деп проректор, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы еңбекке құрмет көрсетуші мемлекеттік орындарға алғыс білдірді.
Ия, Нұр-Мүбарак университеті басшылығының табандылығымен «Исламтану» мамандығына биыл 250 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Алайда бұл жетістікке орта жолдан «исламтанушыларды дайындындаймыз» деп талапкерлдерді өздеріне тартып жатқан университеттер де бой көрсетуде. Осы арада қарапайым халық, жас талапкерлер еліміздегі білікті әрі нағыз исламтанушыларды даярлайтын оқу ордасы – Нұр-Мүбарак университеті екендігін есте сақтауы тиіс. Себебі ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, хадис, т.б. ислами пәндерді меңгерген мамандар еліміздегі жоғары оқу орындары арасында тек Нұр-Мүбарак университетінде. Олар жай маманданған оқытушы-профессорлық тобы ғана емес мың жылдық тарихы бар әл-Азһар университетінің таңдаулы араб ғалымдары дәріс береді.
Ел игілігі жолындағы осындай бірлікті тірлік нәтижелерін де көрсетіп келеді.