Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы

23/04/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев мұсылман қауымын Рамазан айының келуімен құттықтады.

Қадірлі қауым!!!

Баршаңызды күллі мұсылман баласы сағына күткен, берекелі, қасиетті, ізгі амалдар маусымы – Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – тәрбие, сабыр, қайырымдылық пен ізгілік мектебі. Сауабы еселеніп жазылатын қасиетті айда ұстаған оразамызды, жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей!

Он екі айдың сұлтаны, ақиқат жалғаннан ажыратылған кешірімі мол айды тиімді пайдаланып, берекетіне бөленуді, сауабына кенеліп, күнә-қателіктерімізден арылуды Алла тағала баршамызға нәсіп еткей!

Әлем жұртшылығы, еліміз бен жеріміз түрлі қауіп-қатерден аман болсын!

Еске салсақ, биыл елімізде Рамазан айы 24 сәуір күні басталады.

Ұқсас жазбалар