Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Ректор кубогі» жеңімпаздары анықталды

15/11/2019

 

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері арасындағы шағын футболдан өткен «Ректор кубогы» турнирі жоғары дәрежеде өтті. Дәстүрге айналған доп додасында университет студенттерінен құралған  жиырма төрт команда қатысты. Студенттердің шабытына шабыт қосып, қызықты әрі тартысқа толы болды. Екі күнге созылған жарыс жарысушылардың көңілінен шығып, төрешілер мен қазылар алқасы барынша әділдікпен жүлдегерлер мен жеңімпаздарды саралады. Нәтижесінде:

1 орын, яғни Ректор кубогының иесі –  3 курс «Бә» тобы (жеңімпаз сертификаты,  50 000 тенге);

2 орын – 1 курс «Жим» тобы (сертификат және 30 000 теңге);

3 орын – 2 курс «Жим» тобы  (сертификат және 20 000 теңге).

«Үздік ойыншы»номинациясын студент Текебаев Райымбек, ал Сыздық Нұржігіт «Үздік қақпашы» атағын жеңіп алды.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар