РЕКТОР КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай, сондай-ақ университеттің 20 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құрметіне футболдан «Ректор кубогы» өтті

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай, сондай-ақ университеттің 20 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құрметіне футболдан «Ректор кубогы» өтті

Тартысты додаға 4 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қос елдің әнұранымен басталған тартысты бәйгенің барысын Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері Айдар Иманбаев проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаевқа баяндап, проректор өз кезегінде жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди сайысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, қасиетті Рамазан айындағы керемет кездесуге сәттілік тілеп, жарысқа қатысушының әрбірі жеңімпаз деп ризалығын жеткізді.

Сонымен 4 команда арасындағы достық ойын өте қызықты әрі тартысты өткенімен, команда капитаны Қайрат Құрманбаевтың «Ректорат» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз команда ауыспалы ректор кубогымен қатар ақшалай сыйақыға ие болды. Халықтар бірлігі мерекесіне орай ұжымдағы ынтымақтастықты арттыра түскен мұндай шаралар болашақта да өз жалғасын таппақ.

36