• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезінде

Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезінде

10/10/2018

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезі басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни...

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезі басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату керектігін баса айтты. Елбасы: «Барлығына қолжетімді білімнің болмауы қазіргі заманның жаһандық проблемаларының бірі болып қалуда.  Бүгінде әлемде 750 миллион адам жаза да, оқи да алмайды. Білім мен ғылымға жаппай тартпай кедейшілік пен жоқшылықты еңсеруге болмайды», — деді, бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлады.

Білім радикализм идеяларының кез келген көріністеріне қарсы тұрақты иммунитеттің негізі саналатындығын баса айтқан Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл ретте діни сауаттылық төтенше маңызды мәнге ие. Қазір оның платформасын түрлі псевдодіни ұйымдар белсенді пайдаланып отыр. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату бойынша жұмыстар жүргізе алар еді», — деді. Бұған дейін Елбасы бейбітшілік идеяларын ілгерілетуде жаңа технологияларды пайдалану қажет екенін баса айтқан болатын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезіне  университетіміздің ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди да қатысуда.