• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди бастаған бір топ ғалымдар Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығына зиярат жасады

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди бастаған бір топ ғалымдар Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығына зиярат жасады

22/02/2019

Бұл зияраттың жөні бөлек. Себебі бір аптаға жоспарланған республикалық «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері»...

Бұл зияраттың жөні бөлек. Себебі бір аптаға жоспарланған республикалық «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты оқытушыларға арналған апталық семинардың бір күні Қазақстандағы Египет Араб Республикасының төтенше және өкілетті елшілігінің Алматыдағы мәдениеті және білім істері орталығына жоспарланған болатын. Осыған сай білім шарасының қатысушылары  Мысырдың мәдениет және білім істері орталығына жиналды. Жуырда ғана жаңа қызметке келген орталық директоры доктор Ранда Махмуд Ризк ханым Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор мухаммад әш-Шаххат мырза мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің деканы PhD Ықтияр Палтөре мырзаларды арнайы қарсы алып, жалпы шараға қатысты ойларымен бөлісті.

Екі елдің әнұранымен басталған шарада орталық директоры доктор Ранда Ризық ханым арнайы баяндама жасады. Семинарға қатысушыларға Мысыр мәдени орталығының араб тілін үйретудегі іс-шаралары таныстырылып, тиімді тұстары талқыланды.

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат бұл жоғары білім саласында ғана емес, ислам ілімін үйренуде, ислам ғылымын дамытуда да маңызы зор екендігіне тоқталып, барлық қонақтарға сәттілік тіледі.