• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Ректор, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди Елбасы жолдауына қатысты нақты тапсырмалар қойды

Ректор, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди Елбасы жолдауына қатысты нақты тапсырмалар қойды

09/11/2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан күнгі халыққа жолдауында жоғары білім алуды жақсартуларға қатысты біршама...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан күнгі халыққа жолдауында жоғары білім алуды жақсартуларға қатысты біршама тапсырмалар қойған болатын. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди университет ұжымына, оқытушылар мен қызметкерлерге білімді жақсартуға қатысты арнайы басқосу өткізіп, жаңа жобалар мен тапсырмалар маңыздылығын түсіндірді.

Жолдауда: «Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі: Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді.Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс…» делінген. Яғни әрбір студенттің уақытты тиімді пайдалануы оқытушылардың біліктілігін талап етеді. Олғарға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін үнемі ізденіс қажет деп  ректор оқытушы-профессорларды қамшылап өтті.

Оқытушылар да өз ұсыныстарын айтып, студенттердің сабаққа қатысуы, олардың жан-жақтылығын арттыру үшін қосымша дәрістердің  жүйелелігі қандай болу қажет, университет ішіндегі байқала бермейтін жағдайлар ортаға салынып, талқыланды. Салауаттылықты арттыруға да  қатысты қосымша спорт залдарын жабдықтау т.б. мәселелерге қатысты пікірлер тыңдалып, талқыланды.