• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат алғашқы іссапарын Астанадан бастады

Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат алғашқы іссапарын Астанадан бастады

09/10/2018

Қазақ еліндегі қызметіне жаңадан ғана кіріскен Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди алғашқы қызметтік...

Қазақ еліндегі қызметіне жаңадан ғана кіріскен Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди алғашқы қызметтік сапарын елордамыз Астанадағы маңызды жиыннан бастады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVII отырысы бұл халықаралық дәрежедегі дін саласының көшбасшыларының басын қосатын дәстүрлі съезд алдындағы маңызды жиын.

Жаһанның түкпір-түкпірінен келген дін көсемдері мен әлемдік ұйым мүшелері, беделді саясаткерлер, ғалымдар маңызды кеңестің күн тәртібін мақұлдады.

«Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбындағы отырыстың хатшылық қызметін ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді.Сондай-ақ ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев, вице-министр Берік Арын, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Мысырдан әл-Азһар шейхы Ахмад ат-Таиб   т.б. әлемдік деңгейдегі діни лауазым иелері қатысуда. Естреңізге салсақ, ертең яғни 11 қазанда  Астанада  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі өтеді. Биылғы халықаралық жиында «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» деген тақырыпта маңызды мәселелер талқыланбақ.