Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат Мәскеуде халықаралық конференцияда баяндама жасады

24/09/2019

Әлемде ислам университеттерінің жай-күйі, білім алу жүйелерін оңтайландыру,  сұранысы жоғары оқу орындарының қатарына енгізу жайлы Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат Мәскеу қаласында өткен «Ислам жаһандық әлемде: Мұсылман мирасы мен мәдениетаралық диалог» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады. Сондай-ақ профессор  ел арасында ислами жоғары оқу орындарына көбіне әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларының өкілдері оқуға ниет білдіретін тенденцияның әлі де сақталып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, конференция қонақтарына Нұр-Мүбарак университетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ерекшеліктеріне, даму стратегиясына тоқталып өтті.

 

Бұл конференцияға Қазақстан тарапынан ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация, ал Нұр-Мүбарак университеті тарапынан ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат, Бас хатшы Рахымжан Әкімбеков мырзалар қатысты. Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өз жұмысын бастаған конференция Мәскеу Собор мешітінің 115, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 25 жыл, Мәскеу Ислам институтына 20 жыл мерейтойы аясында өтуде.

 

Ұқсас жазбалар