• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Министр Нұрлан Ермекбаев ректор, профессор Жуда Басюниді арнайы қабылдады

Министр Нұрлан Ермекбаев ректор, профессор Жуда Басюниді арнайы қабылдады

03/03/2018

    Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Нұр-Мүбарак университетінің...

 

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Жуда Басюни мен Аппарат жетекшісі, Бас хатшы Рахымжан Әкімбековты қабылдады.  Бұл кездесу университет стартегиясын айқындай түскендей. Себебі министр мен университет басшылығы оқу орнының стратегиялық дамуы, білім беру сапасын арттыру , халықаралық деңгейдегі ең жоғары стандарттарға жеткізіп, мамандар әлеуетін күшейту мәселелерін жан-жақты талқылады. Вице-министр Берік Арынның  Мысырға барған соңғы сапарында   Нұр-Мүбарак университетін дамыту жайлы  жасалған екі жақты келісімшартқа қатысты сөз болды.

Дәл қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак университетіне  мемлекеттік білім гранттарымен қатар облыс әкімдіктері студенттерге  гранттарымен қатар, қосымша қолдаулар көрсетуде. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған маңызды демеу екенін айта келе министр Нұрлан Ермекбаев бірнеше мәселені алға тартты:

    1. Нұр-Мүбарак университетін ислам дінінің бүкіл құндылықтарын қамтыған орталыққа айналдыру:
    2. Басқа дамыған ислам елдеріндегі әлеуеті жоғары оқу орындарының деңгейіне көтеру;
    3. Қазақстанда мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуына сүбелі үлес қосушы орталыққа айналдыру.

    Сондай-ақ университет тек қана дін саласын тереңдетіп оқытып қана қоймай, студенттердің мемлекет саясатын жетік түсініп, зайырлылық қағидаларын сақтаудың маңыздылығымен қатар әсіредіншілдікке ұрынудың алдын алады деген сенімдеміз,-деп өз пікірін ашық айтты.

Ректор, профессор Жуда Басюни өз кезегінде оқу бағдарламасының ҚР жоғары білім беру саясатына сай әрі қазақ  халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі бағытын ғылыми негізде дамытуға күш салынып жатқанын жеткізді. Мысыр тарапынан да Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасы бойынша білгір ғалымдар таңдалып алынады. Осындай ел игілігі жолындағы мәселелер мен университеттің даму болашағы жан-жақты талқыланып, негізгі бағыттар сараланды.

Министр Н.Ермекбаев аталған кездесу жайында өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында да жариялады.