Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Республикалық Дінтану және теология олимпиадасынан Нұр-Мүбарактың қос командасы жүлделі екі орын иеленді

24/04/2018

Еліміздегі дінтану және теология саласы бойынша маман даярлайтын 11 іргелі жоғары оқу орындары арасында Астана қаласында дәстүрлі X  республикалық олимпиада өтті. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен дін саласындағы студенттік топтар арасындағы білім сайысы дінтану және теология бойынша 2 бағытта болды.

 

ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық Дінтану және теология пән олимпиадасына Нұр-Мүбарак университеті атынан 2 команда қатысып, екеуі де жүлделі 3-орынға ие болды. «Жас ғалым» деп аталатын дінтанушы студенттер командасына филос.ғ.д., проф. Қайрат Затов жетекшілік жасаса, теологиялық сала бойынша «Исламтану» кафедрасынан жасақталған «Алаш арыстарын» PhD, қауым.профессор Шамшат Әділбаева жетекшілік етті. Әр командада 3 студенттен бірінші ғылыми жобаларын ұсынады, сосын тесттік сұрақтарға жауап, үшінші өз ойларын еркін шығарма арқылы жеткізеді. Осындай сындардан 11 қарсылас топ арасынан екі сала бойынша да нұр-мүбарактық екі команда жүлделі орынды иеленді. Ал жалпы қатысушы студенттер арасынан 2-курс Әмина Жағыппар жүлделі екінші орынды иеленді.

Топ жетекшілері мен студенттердің барлығына арнайы сертификат табыс етілді.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар