Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Республикалық Құран жарысына үміткер қыз-келіншектер анықталды

22/04/2016

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде  елімізде тұңғыш қыздар арасында өткізілетін Республиқалық Құран жарысына іріктеу өтті. «Исламтану» кафедрасы мен университеттің «Дін және тәрбие» бөлімінің ұйымдастыруымен  өткен  іріктеу сайысын университет деканы доктор, профессор Ахмад әл-Амир Құран Кәрім оқудың маңыздылығы мен пайдалары, сауаптары жайында шағын  уағызымен  тұсауын кесіп, ақ батасын беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Жүйріктерді анықтау үшін ғалым, қари-хафиздардан құрылған қазылар алқасы құрамында: доктор Сайд Абдульмажид, доктор Ғимад Мухаммад  және Құрмет Смағұловтар болды. Бакалавриат, магистратура бөлімінде оқитын  27  қыз-келіншек қасиетті Құранның 1,2,3 парасы бойынша өзара бақ сынады. Қазылар алқасы Құран аяттарын оқыған үміткерлердің тәжуид ережелерін сақтап, әріп махраждарының дұрыс айтылуы мен қатесіз әрі мүдірмей жатқа айтуына жан-жақты мән берді. Нәтижесінде 9 қатысушы арнайы жүлделі орындарға ие болып, сый-сыяпаттармен марапатталды.

1-парадан: 1орын –  Аязбекова Айгерім;

2орын –  Туякова Меруерт;

3орын – Ахметова Таңшолпан;

2-парадан: 1 орын –  Жанибекова Қызғалдақ;

2 орын –  Жасан Әдемі;

3 орын –  Хажығали Диана;

3-парадан: 1 орын –  Акурпикова Гульзат;

2 орын –  Түрғанжан Гүлзар;

3 орын –  Игиликова Айнур.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар арасында жүлделі орынға ілінбесе де өздерінің қырағат, тәжуид ережелерін нақышына келтіре жатқа оқыған 12 қыз марапаттау қағазы мен Республикалық бәйгеге жолдама алды.

 

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

kurankiz1

 

kurankiz2

 

kurankiz3

 

kurankiz4

 

kurankiz5

 

kurankiz6

 

kurankiz7

 

kurankiz8

 

kurankiz9

 

kurankiz10

 

 

Ұқсас жазбалар