Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Республикалық жастар онлайн форумында Нұр-Мүбарак университетінің докторанты баяндама жасады

11/09/2020

ҚМДБ жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар форумы өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров, Атырау мұнай және газ университетінің проректоры Олжас Сүлейменов, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Сырым Шәкизада қатысты.

Аталған форумда исламтанушы, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сырым Шәкизада баяндама жасап, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғысын алды.

«Карантин кезеңінде онлайн форматта осындай ауқымды іс-шараны қолға алған Бас мүфтиге және ҚМДБ жастар ісі секторына алғысымды білдіремін. Жиын барысында «Жаңа дәуірдегі жастардың қуат көзі» тақырыбында баяндама оқып, қазіргі жастарға проблемалар мен мәселенің маңыздылығын ғана айтпай, нақты шешімдерді ұсыну керектігіне тоқталдым. Атап айтқанда, бұл исламофобияның алдын алады деген сөз. Себебі теріс жолға кеткен, бұрыс бағытпен жүрген жалындаған жасқа исламның тек үкімін айтып, тоқтату қиын. Оның орнына істеп жатқан қате ісінің орнына балама ретінде исламның призмасы арқылы сүзгіден өткен тиімді құралдар, әдіс-тәсілдер ұсынуымыз қажет екендігін тілге тиек еттім.

Карантинге дейін жас буын білім алу, өз-өзін жетілдіру жұмыстарын университетке, мектепке бару арқылы жүзеге асырды. Ал қазіргі таңда әрбір жас өзінің болмысымен жеке қалды. Осы тұрғыда әр адам ұйымдастыра алуға көмектесетін бағдарлама, жүйе, кітап дайындау т.с.с мәселелерінде басты назарға алуымыз керек» – деп С.Шәкизада республикалық жастар онлайн форумы туралы пікірін білдірді.

Ұқсас жазбалар