Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«English Club» үйірмесі онлайн форматта жұмысын жалғастырады

09/04/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаменті мен Араб және ағылшын тілдері кафедрасының қолдауымен, университет студенттерінің ұйымдастыруымен және филол.ғ.к Турумбетова Ляйла Абдрахманқызының жетекшілігімен 2019 жылдың  қазан айында  «English Club» үйірмесі ашылды.

Клубтың мақсаты: Студенттердің шет тілінде ойын еркін жеткізіп сөйлеуі, оқу қабілеттерін дамыту, тілдік кедергіден өтуге көмектесу, өзекті мәселелерді (әлемдегі, еліміздегі, университетіміздегі әлеуметтік, дін, білім, денсаулық, экологиялық, т.б.мәселелер) талқылауға үлес қосу.

Клуб кездесулері аптасына екі рет әр дүйсенбі және жұма күні сағат 14:00-де тақырып аясында талқылау, дебат, поэзия оқу, ойындар ұйымдастыру, спикер шақыру т.б. форматында өтеді.

Еліміздегі коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті студенттері қашықтан оқыту режиміне көшті. Осыған сәйкес, «English Club» үйірмесі өз жұмысын онлайн форматта жалғастырды.

Атап айтсақ, карантин уақытын тиімді өткізуді ниет еткен студенттер әр аптаның дүйсенбі, жұма күндері сағат 18:00-де видеоконференцияға арналған Zoom қосымшасы арқылы «Күнделікті әдеттер», «Zero-waste өмір салты», «Жалған акпарат пен факт-чекинг», «Балалық арманыңыз қандай еді?», «Рамазан айына дайынсыз ба?» тақырыптарында кездесулер өткізді.

«English Club» үйірмесі туралы ақпараттарды  @english_club.nmu атты instagram әлеуметтік желісінен  біле аласыздар.

Ұқсас жазбалар