Салт-сананың сәулесіндей — әз Наурыз!

14/04/2017

„Нұр-Мүбарак„ университетінде жыл басы Наурыз мерекесі аталып өтті. Бәлкім бұл салт-дәстүрімізді жаңғыртып, тарихты еске...

nau2017 1

Нұр-Мүбарак„ университетінде жыл басы Наурыз мерекесі аталып өтті. Бәлкім бұл салт-дәстүрімізді жаңғыртып, тарихты еске алар, жоғалтқанымызды түгендеп, ұмытқанымызды жаңғыртар ұлттығымыздың ұйытқысы болған ұлыстың ұлы күні дегеніміз жөн болар. Сондықтан „Нұр-Мүбарак„ университеті де бұл ұлттық мерекеге айрықша мән береді. Әуелі құттықтау сөз сөйлеген проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза жастарға тәуелсіздіктің қадірін, ұлттық салт-санамыздың маңызын түсіндіріп өтті. Еліміздегі Наурыз мерекесінің аталып өту тарихынан да хабар бере келе, күні кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру„ мақаласына шолу жасап:„Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді… Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек,„-деген тұстарына нақты тоқталды. Жастарды, университет қызметкерлерін қоршаған ортаны қадірлеуге, табиғаттың тартуларына құрметпен қарап, қоғамдық сенбіліктерге шынайы ат салысуға шақырды.

nau2017 2

Сондай-ақ, университеттің озат та үлгілі, түрлі халықаралық, республикалық, қалалық бәйгелерде жеңімпаз болған студенттерге құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Ал салтанатты мерекені студенттердің шығармашылығы жалғастырды. Қазақтың мағыналы термесін төгілтіп, күй жарыстырған жастардың өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Бәрінен де студенттердің тарих беттерін ақтарып, алғашқы Қазақ хандығының құрылуынан хабар берер тарихи оқиғаларды, билердің алқасын, Керей мен Әз-Жәнібектің кеңесі, хан сайлап, ақ киізге көтерген сәт.., бабабалардың тарихи сөзін нақышына келтіріп орындаған студенттер қойылымы көпшіліктің ұлттық рухына дем берді деуге болады.

Осылайша биылғы Наурыз тарихымызды бір шолып өтуге мүмкіндік бергендей.

nau2017 3

nau2017 4nau2017 5

nau2017 7

nau2017 6

nau2017 8

nau2017 9

nau2017 10

nau2017 11

nau2017 12

nau2017 13

nau2017 14