Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Шохан Уәлиев: Бұл жеңіс еліміздегі Құран ілімінің дамуының белгісі!

22/06/2016

Бүгін  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни және проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар Халықаралық Құран жарысының жеңімпазы университет студенті Шохан Уәлиевті ата-анасымен бірге қабылдады. Нұр-Мүбарак университетінің білім деңгейі мен жоғары білім саласындағы мәртебесін асқақтақан бұл жеңіс Нұр-Мүбарак университеті үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі үшін қасиетті Рамазан айындағы баға жетпес базарлық болғаны анық.  Сондықтан ректор Жуда Басюни: «Бұл бүкіл қазақ елі үшін мақтаныш. Әлемдік деңгейдегі Құран сайысында екінші орын алу кез-келген хафизге бұйыра бермейді. Біз өз студентіміздің осы жетістігіне, ұстаздарымыздың еңбегінің нәтиже бергеніне өте қуаныштымыз. Осындай перзент тәрбиелеген ата-анасына Алла разы болсын»,-деп Шохан мен оның ата-анасына өз алғысын жаудырды.

Ал проректор Ш.Керім мырза Шоханға: «Бұл жетістікпен тоқтап қалма. Біліміңді арттырып, ғылым жолына түссең, біз оны қуана қолдаймыз. Бізге білгір де білікті мамандар керек. Бұл университетіміздің білім дәрежесін арттырып қана қоймай, еліміз үшін мықты исламтанушылар мен дінтанушылар тәрбеиелуде маңызды»,-деп жеңіс жолының жемісті болуын тіледі.

shohani3

-Бұл әрине сонау Құранды алғаш жаттағаннан бүгінгі пысықтаған деңгейге дейін маған  тәлім берген ұстаздарымның біліктілігі мен еңбегі және сол бастаманы орта жолда тастап қоймай еңбек етудің нәтижесі. Аллаға тәуекел етсеңіз, қандай қиындық болса да өз жемісін беретіндігінің көрінісі дер едім. Сондықтан, мен барлық ата-анама, барлық  ұстаздарыма Алла разы болсын дегім келеді,-деп Шохан Нұралыұлы жүрекжарды лебізін жеткізді.

Халықаралық Құран жырысының жеңімпазын ата-анасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қабылдап, алғыс білдірген болатын.

shohani2

 

«Тарихқа көз салсақ халқымыз ел болашағы – жастардың тәрбиесіне жіті көңіл бөліп отырған. Ұлт аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің сан түрлі жолдары мен амалдарын қалыптастырған. Солардың ішінде ең басты тәлім мен тәрбиенің қайнар бұлағы Құраннан сусындатып отырған. Бұл жастарды имандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Осындай ұлды дүниеге әкеліп, имандылық жолында тәрбиелеп өсірген сізге алғысымды білдіремін. Ел тәуелсіздігінің баянды болуы еліне адал қызмет ететін ізгі ұрпақ тәрбиелеп өсіруімізге тікелей байланысты. Ендеше, жастайынан Құран жаттап, имандылық жолында жүруіне қолдау көрсеткен игі істеріңізге Алла Тағала разы болсын!», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

shohani4

 

shohani5

 

 

 

Қасиетті Рамазан құрметіне Стамбул қаласында маусымның 10-17 аралығында өткен Халықаралық Құран бәйгесіне жаттау және мәнерлеп оқу бойынша әлемнің 60-қа жуық елінен барлығы 116 үміткер қатысқан еді. Бірде-бір ескертусіз ақтық сынға өткен 7 хафиздың бесеуі сыннан мүдірмей өткен. Сондықтан олардың Құранды мәнерлеп оқуы, тәжуид ережелеріндегі шеберлігі өзара жеңімпаздарды анықтауда шешуші қызмет атқарған.

 

shohani7

 

shohani8

Ұқсас жазбалар