Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ШҰҒЫЛ: Нұр-Мүбарак университетіне құжат тапсырған талапкерлер ҰБТ рұқсатнамасын 25 маусымға дейін алуы тиіс!

14/06/2019

 

 

Биыл талапкерлерді қабылдау ережелеріндегі өзгерістерге сай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік гранттарынан үміткер мектептің бұрынғы түлектері мен өзге де арнаулы орта және жоғары оқу орындары түлектері ЖОО-на 10 мамырға дейін құжат тапсырған болатын. Енді оларға Ұлттық бірыңғай тест емтиханынан өту үшін арнайы рұқсатнама шықты. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің Қабылдау комиссиясы талапкерлерге 25-ші маусымға дейін келіп рұқсатнаманы алу керектігін ескертеді.

Себебі 10 мамырға дейін Нұр-Мүбарак университетіне құжат тапсырған талапкерлер 29-30 маусым күндері ҰБТ бойынша емтиханнан өтеді. Бұл олардың мемлекеттік білім грантына қаншалықты үміттене алатындығын айқындай түсетін алғашқы білім сынағы болмақ. Өйткені ҰБТ-дан кемінде 50 балл (Шетел тілі: екі шетел тіліне түсетіндер үшін 65 балл), оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Ал ҰБТ-дан соң шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау ЖОО-ға күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында өтпек. Шығармашылық емтихан 8 — 13 шілде аралығында болады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖОО-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында өтеді.

 

 

 

Ұқсас жазбалар