• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Сіздерде мүмкіндік мол…»,- дейді Нұр-Мүбарак университетіне келген ресейлік ғалым

«Сіздерде мүмкіндік мол…»,- дейді Нұр-Мүбарак университетіне келген ресейлік ғалым

09/01/2018

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне ғылыми тағылымдамаға келген ресейлік Фарит Гараев қазақстандық әріптестеріне өз...

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне ғылыми тағылымдамаға келген ресейлік Фарит Гараев қазақстандық әріптестеріне өз ризашылығын білдірді. Филология ғылымдарының кандидаты, араб тілінің маманы Фарит мырза Нұр-Мүбарак университетіне Мәскеу ислам институты арасындағы келісімшартқа сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми ізденуші Нұр-Мүбарактағы мысырлық ғалымдармен тілдесіп, дәрістеріне қатысып, өзара пікір алмасты.

  • Тікелей араб ғалымдарынан дәріс алу – бұл Нұр-Мүбарак университеті үшін, осындағы шәкірттерге  үлкен жетістік. Бұл Қазақстанның дербес бағыты мен діни дамуына еркіндік беріп, білім мен ғылымға қолдау көрсетуі өте қызығарлық жағдай,-деді Фарит Гараев.

Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы да мәскеулік әріптестердің өтінішіне сай ғылым ізденушіге барынша мүмкіндіктер жасап, тағылымдама күндерінің тәлімді өтуіне мұрындық болды.