Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Стол теннисінен Нұр-Мүбарак студенттері Алматы бойынша жеңімпаз

07/11/2016

salauatalmaty2016-7

 

 

Қазір Алматы қаласы бойынша  «Спорттық Алматы»  спартакиадасы жан-жақты өткізілуде. Қала тұрғындары  арасында  салауаттылықты  арттыратын бұл бағдарлама аясындағы сайыстарда «Нұр-Мүбарак»  университетінің студенттері оза шауып, алдыңғы орындарды иеленуде. Міне үстел теннисі бойынша университетіміздің 3 курс студенті Арман Нуранов Алматы қаласы бойынша бірінші орынды  иеленіп, алтыннан алқа тақты. Ал Нұрболат Құмырбек деген студентіміз осы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  «ALMATY  youth AWWARDS»          жобасы аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақ жарысынан жүлделі орынға ие болды. Ал Мақсат Өтепханов классикалық шахматтан жүлделі 3-орынды иеленді.

Осы жеңімпаз студенттердің белсенділігі оң нәтиже бере отырып, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы атынан арнайы диплом берілді.

Біз студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, әрдайым сәттілік тілейміз.

 

salauatalmaty2016-1

 

salauatalmaty2016-2

 

salauatalmaty2016-3

 

salauatalmaty2016-6

 

 

salauatalmaty2016-9

 

salauatalmaty2016-8

 

Ұқсас жазбалар