Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Студенттердің өндірістік іс-тәжірибеден түйгені мол

26/09/2018

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері жазғы маусымда өткен өндірістік іс-тәжірибелерінен түйген ойлары мен түйткілдерін өзара бөлісу мақсатында тәжірибелік конференция өткізуді үрдіске айналдыруда. Бұл жолы 2-3 курстың қыздар топтары  бес апта бойы ел ішінде жүргізген жұмыстарын ортаға салды.

Өндірістік іс-тәжірибе – Нұр-Мүбарак студенттерінің алып жатқан білімдерін бекітіп, болашаққа бағдар жасауға зор мүмкіндік.. Студенттер өз еңбектерін түрлі сурет, видео, альбом күйінде ұсынып қана қоймай, ой бөлісті. Мәселен, Талғар қаласының орталық мешітінде 14 жасқа дейінгі 64 шәкіртке тәлім берген Анеля Илясова: « Курс барысында балаларға бауырмалдық, ата-анаға құрмет, әдептілік  төңірегінде дәрістер өтіп, «Құран деген не?», «Болашағың өз қолыңда», «Гүл жасаймын анама» деген секілді тренинг сабақтарын өткіздім. Сондай-ақ балаларды сергіту үшін спорттық шынықтыру ойындары да қамтылды»,-деп, жазғы курстың жауқазындай қыздар үшін өте пайдалы болғанына  қуанышын жасырмады.

Оқу орнындағы қыздар тобының іс-тәжірибесіне жетекші Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Маржан Жолмағанбетова  шәкірттердің  жұмыстарына қатысты ойларын түйіндеп, болашақта ескеру қажет мәселелерді жіті талқылап, ұсыныстар жинақталды. Маржан Жолмағанбетова ханым шәкірттердің талпынысына жоғары баға беріп, алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар