Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Студенттерге онлайн-оқу бойынша тренинг өтті

01/10/2020

Нұр-Мүбарак университетінде Қашықтан білім беру орталығының директоры Ермек Мендыбаев студенттерге онлайн-оқу бойынша тренинг өткізді.

Университетте білім алушылар үшін ҚБЖ бойынша 3 платформада оқу үдерісі ұйымдастырылған:

Platonus – edu.nmu.kz, Moodle – dl.nmu.kz, ZOOM.

Platonus –  edu.nmu.kz университеттің негізгі жүйесі болып, толық оқу үдерісін басқарады.

Moodle – dl.nmu.kz жүйесінде білім алушылар толық оффлайн сабақтарына қатысып, ОПҚ берген тапсырмаларды орындайды. Ол жерде оқып жатқан пәндер бойынша толық оқу материалдары жарияланған. Тапсырмаларды орындау үшін алдын ала қойылған мерзімдер бойынша жіберу қажет.

ZOOM жүйесі – онлайн сабақтар ұйыдастыруға арналған. Кесте бойынша дәріс және семинар сабақтары өтеді. Сабақтардың жазбалары сақталып, кейін сілтеме ретінде білім алушыларға қолжетімді болып тұрады.

Ұқсас жазбалар