Талапкерлерді қабылдаудың екінші кезеңі басталды

22/06/2018

Қабылдау науқанының алғашқы кезеңінде 400-дей талапкер құжат тапсырды!

 

Жоғары оқу орындарына қабылдау науқанының екі кезеңге бөлінгені белгілі. Алғашқы, яғни маусымның 1-20 аралығында орта мектептің, орта арнаулы кәсіптік оқу орындар,  ЖОО түлектері құжат тапсырулары тиіс. Ал 20 маусым мен 7 шілде аралығында биылғы мектеп түлектері құжат тапсырады.

Нұр-мүбарак университеті де қабылдау науқанының алғашқы кезеңін сәтті аяқтады. Осы орайда Оқу-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Әли Рауфұлын сөзге тарттық:

 

  • Биыл қабылдау комиссиясы 2018-2019 оқу жылына контингентті қалыптастыру мақсатында 5В021500-Исламтану, 5В020600-Дінтану, 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандықтарына 2018 жылдың 1-маусымынан бастап қолледж түлектері мен мектепті алдыңғы жылдары тәмәмдаған талапкерлерді қабылдау жұмысын сәтті аяқтады. Нәтижесінде исламтану мамандығына – 384 талапкер, дінтану мамандығына – 9 талапкер, Шет тілі: екі шет тілі мамандығына – 5 талапкер, жалпы 398 талапкер құжат тапсырды. Барлығына сәттілік тілейміз.

Енді қабылдау комиссиясы 7 шілдеге дейін биылғы мектеп түлектерінің құжаттарын қабылдайды. Биыл Нұр-Мүбарак университетіне тиесілі «5В021500-Исламтану» бойынша 250 мемлекеттік білім гранты, ал жалпы еліміз бойынша  «5В020600-Дінтану» 100 м.б.гранты бөлінгенін ескерте кетейік!