Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Тәуелсіздікке арналған студенттер арасындағы Халықаралық шығармашылық бәйге

08/11/2019

 

 

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тәуелсіздігінің 28 жылдығына  «Тәуелсіздік және дін» атты халықаралық шығармашылық бәйгесі өтпек. Бәйге екі бағытта:

  1. Діни өлең-жырлар

Бас жүлде – Қажылық

1-орын: Умра қажылығы

2-орын: 200 000 теңге

3-орын: 100 000 теңге

  1. Діни публицистикалық мақала

Бас жүлде – Қажылық

1-орын: Умра қажылығы

2-орын: 200 000 теңге

3-орын: 100 000 теңге

Бәйге мақсаты: Тәуелсіздігімізді ұлықтау, бейбітшілік пен ел дамуындағы діннің рөлі, ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі тәлім-тәрбиенің асыл жауһарларын таныту, отансүйгіштік ұлы мұратты ұрпақ санасына сіңіру, сан ғасырлар бойы қалыптасқан діни мұра, салт-дәстүрді жас буын бойына дарытып, санасына қалыптастыру. Сондай-ақ жас ақындар мен шығармашыл жастарды қолдау, Отан және дін, туған жер, тәуелсіздік жайлы жаңа туындылардың жарық көріп, насихатталуына ат салысу.

 Бәйге шарттары:

1.     Қазақстан және алыс-жақын шетелдерде білім алушы студенттер қатыса алады (ЖОО, медресе, колледж).

2.     Екі бағытта да бір материалдан ғана қабылданады:  бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. 14 қаріп түрімен 1,5 аралықта терілген, (өлең 3 беттен, мақала 5 беттен) аспауы тиіс. Талапқа сай келмейтін туындылар қабылданбайды.

3.     Инстаграмм желісіндегі  @nmu_kz аккаунтына және ондағы демеушілерге тіркеліп (подписки), пікір ретінде 3 досын белгілеп, осы ақпаратпен өз парақшасында бөлісу шарт.

Мерзімі: 2019 жылдың 10 желтоқсанға дейін media@nmu.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Қосымша: Үміткердің Аты-жөні, өзі жайлы қысқаша түйіндемеде шығармашылық жетістіктері болса, қоса көрсету қажет.

    Іріктеуден өткендер Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінде өтетін ақтық сында арнайы қазылар алдында өз туындысын қорғай алуы тиіс. Іріктеуден өткен шет елде білім алушы студенттердің ақтық сынға қатысуы қарастырылады.

Ұйымдастырушылар: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Жазушылар одағы,  «Egemen Qazaqstan»  республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

 

 

Ұқсас жазбалар