Теолог Тимур Нүсіпхан Халықаралық конференцияда баяндама жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы негізінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін ұлықтау, мақаладағы негізгі бағыттарды ғалымдар пікірі арқылы ортаға салу, пікір алмасу мақсатында халықаралық конференция өтті.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған басқосуға Түркия, Қырғызстан елдерінен де ғалымдар қатысты.

Елімізде ғана емес, әлемде адамзат тыныштығына қауіп төндіруші бірден-бір экстремизм мәселесі екені белгілі.

Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмнің алдын-алу  орталығының директоры Тимур Нүсіпхан Тәуелсіздік арқасында қол жеткен мүмкіндіктерді де саралап өтті:

 

 «Ел тәуелсіздігінен бұрын дін тәуелсіздігіне қол жеткізгендігіміз руханиятқа деген құрметтің шексіздігі. Тәуелсіздік жылдарда шекарамызды бекіткенмен, келімсек кейбір теріс діни ағымдардың қаптап кетуі, санамызды улауы, өкінішке орай, тәуелсіздігімізге қауіп төндіре түсті.  қазіргі кездегі 2011 жылы Дін істер агенттігі құрылып, Нұр-Мүбарак университетінің  ашылып, дін кадрларының өзімізде дайындалуы үлкен жетістік деуге болады»,-деді  ол өз баяндамасында.

Тимур Нүсіпхан

Теология факультетінің магистрі, Нұр-Мүбарак университетінің «Діни экстремизмнің алдын-алу» орталығының директоры

 «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген атпен Алматы облысының әкімдігі халықаралық онлайн конференция өткізді. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы,

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты халықаралық онлайн конференцияның

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін ұлықтау; аталған мақаладағы негізгі бағыттарды ғалымдар пікірі арқылы ортаға салу, пікір алмасу; жастар арасында кеңінен насихаттау.

331