Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Түркия Халықаралық қауымдастық өкілдері Нұр-Мүбарак универистетінде

06/10/2016

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Түркиядан бірнеше құрметті қонақтар арнайы ат басын тіреді.

«Хайрат»  Халықаралық шәкірттер қауымдастығының басшысы Чингиз Гунайдын, «Түркие жастық қоғамының»  Бас директоры  Исмаил Аманат және  Түркиядағы Халықаралық жатақханалар ұйымының өкілдері келіп университетің жағдайымен арнайы танысты. Ондағы мақсат түркітілдес  елдердегі  жоғары оқу орындарының жатақханаларын бағдарлап, тәжірибе алмасу. Түркияда жастар мәселесі, жоғары оқу орындарындағы жатақхана жағдайлары бір жүйеге қойылған деуге де болады. Оның дәлелі Жатақхана басқару курстарының жұмыс істеуі. Мәртебелі меймандар Нұр-Мүбарак университетінің әкімшілік өкілдерін, жатақхана қызметкерлерін сол курс тарға арнайы шақыра да келіпті. Сондай-ақ  өзге де Қоғамдық ұйымдармен байланыс жасауға мүдделі екендігін жеткізді.

Түркиялық делегацияның еліміздегі сапарын жүйелеуші  «Құл Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық  қорының  атқарушы директоры Нұржан Жанқараевтың айтуынша бауырлас қонақтар осындай игі сапарлары арқылы жалпы білім беру жүйесі, өзара  тәжірибе, пікір алмасу арқылы байланысты нығайтып,  түркітілдес елдер арасында білімді де білікті жастардың  көбеюіне мүдделілік танытуда.

 

_dsc0354

 

_dsc0866

 

_dsc0879

 

Ұқсас жазбалар