Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҰБТ-ға өтініш білдіру видеонұсқаулығы (ВИДЕО)

01/05/2020

ҰБТ-ға өтініш білдіру мерзімі 10 мамырға дейін созылды. Бұл кезде барлық талапкерлер online режимінде алдын-ала өтініш беру міндетті. Яғни талапкер ent2020-tipo.testcenter.kz  сайты арқылы құжат тапсырады. Сайтқа мәліметтер енгізу өте жеңіл. Ол үшін сайтта тіркеу батырмасын басып, электрондық поштаны көрсетеді. Сол көрсеткен электрондық поштаға талапкерге сайтқа кіруіне мүмкіндік беретін логин мен құпия сөз жіберіледі. Осы арқылы талапкер сайтқа кіреді және ең алдымен өзінің ЖСН (ИИН) енгізеді.

Талапкер сайтқа мәліметтерді қатесіз енгізуі қажет.

ҰБТ-ға өтініш білдіру нұсқаулығы

Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы видеонұсқаулықтан көре аласыз. Бұл видео өткен жылдардағы мектеп түлектері мен коллеж түлектеріне және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғаларға арналған тіркелу нұсқаулығы.

 

Ұқсас жазбалар