Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Ұлттық рейтинг бойынша Нұр-Мүбарак университеті алдыңғы топта

18/05/2018

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген еліміздегі жоғары оқу орындар арасында «Қазақстан Республикасының үздік-20 бас рейтингі» жобасы бойынша бірнеше бағыттан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті өте жоғары нәтижелер көрсетті.

Қазақстандағы сұранысы жоғары ЖОО – 2018  ұлттық рейтингіне 75 жоғары білім ордасы қатысуға ниет білдіргенімен, оның 17-нің құжаттары кейін қайтарылған. Осылайша ұлттық рейтинг анықтауға 58 ЖОО: 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке оқу орындар қатысты.

Нұр-Мүбарак университеті гуманитарлық ғылымдар бойынша 4-ші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дан кейінгі орында.

Ал исламтану саласы бойынша бірегей, «6М020600-Дінтану» бойынша 1-ші орын, келесі орындар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-тері.

«6D021500-Исламтану» бойынша 1-ші орын, «6D020600-Дінтану» бойынша әл-Фараби ҚазҰУ-нің өкшесін алып тұр.

Осылайша Нұр-Мүбарак университеті еліміздегі ең үздік 20 оқу орнының арасында алдыңғы қатарға көтерілді. Бұл жайлы агенттіктің www.iaar.kz ресми сайты мен  «Казахстанская правда» жалпыұлттық күнделікті басылымында жарияланды.

Бұдан өзге жақында ғана тәуелсіз халықаралық сарапашылар тарапынан Нұр-Мүбарак университетіндегі дінтану мамандығына қатысты сыртқы аудит сараптамалары жасалған. Оның нәтижесі алдағы маусым айында белгілі болмақ.

 

 

Ұқсас жазбалар