Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Универсиетте ҚМДБ мен ИСЕСКО ұйымы ұйымдастыруымен араб тілінен  семинар-тренинг басталды

01/10/2018

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ИСЕСКО-ның ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінде басталған араб тілі мамандарына арналған семинар-трениг  ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаевтың алғысөзімен басталды:

  • Сіздерге біріншіден ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретіміздің сәлемін жеткіземін. Сіздердің осы еліміздегі дін саласында, медреселеріміздегі ұстаздарымызға деген жанашырлықтарыңызды білдіріп, сонау шалғай елден келіп араб тілінен семинар-тренинг өткізіп жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіре отырып, қош келдіңіздер дегім келеді,-деді.

Ал Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев: «Араб тілі – Құран тілі. Кімде-кім ислам дінін үйренемін десе, ол араб тілін меңгермей жетістіктерге жете алмасы анық. Ғасырлар бойы араб әліппесін қолданған ата-бабаларымыздың мұраларын игеру үшін, бүгінде мұсылман қауымы ден қойып отырған ислам дінін, қасиетті Құран мағынасын жіті түсіну үшін және қазақ тіліне енген араб кірме сөздерінің этимологиясын айқындап, олардың мағынасын, грамматикалық құрылысын, т.б. салғастыра зерттеу үшін араб тілін меңгеру аса қажет»,-деді.

«Өзге тілде сөйлейтіндер үшін араб тілін үйрену жолдарын дамыту және оның жаңаша тәсілдері» атты семинар-тренингтің ашылуына орай ИСЕСКО ұйымның директоратының басшысы Адел Бурауи, Ұлттық сарапшы доктор Рамзи Ромдани, доктор Амр Абделмонем, сондай-ақ Александр Тарак мырзалар қатысып өз лебіздерін білдірді. ҚМДБ-мен бірлескен бұл шара елімізде бесінші рет  өтуде. Ең алғаш 1998 жылы ИСЕСКО ҚазҰУ университет базасында алғашқы семинарын өткізсе, 2000 жылы Абай атындағы ұлттық педогогикалық университетінде, 2004, 2009 жылдары жергілікті сарапшылардың қатысуымен ҚазҰУ базасында екі рет өткен болатын.

Семинардың мақсаты-араб тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру, семинарға қатысушыларды оқыту педагогикасы мен психологиясының заманауи теорияларымен таныстыру, сондай-ақ семинарға қатысушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Араб тілі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілі ретінде әлемдегі негізгі тілдердің біріне айналды. Қазір бұл тілде 500 млн-ға жуық адам сөйлейді. Ал бүгін басталған 5 күндік семинарға ҚМДБ-на қарасты 9 медресе-колледждерден 30 ұстаз қатысуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар