Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университет оқытушыларына арналған ғылыми-әдістемелік семинар онлайн форматта өтті

28/04/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде б.ғ.к. Э.С.Бөрібайдың  модераторлығымен Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының ПОҚ-ның кезекті ғылыми-әдістемелік семинары онлайн форматта өтті. Оған Zoom қосымшасы арқылы ЖУГП кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Спикер п.ғ.к., қауымд. профессор С.Н.Исабаева «ЖОО-нда қашықтықтан оқыту жағдайында Google form  қосымшасын қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша оқытушылар құрамына Google форманы студенттердің білімін бақылау мақсатында қолданудың тиімділігін тренинг арқылы түсіндіріп өтті.

Бүгінгі таңда Google форма оқу үдерісінде қарапайым, ыңғайлы, сенімді және қолжетімді  құрал ретінде танылды. Студенттерден тест, сұрақ-жауап алуға, кері байланыс орнатуда өте ыңғайлы. Қазіргі таңда пайдаланушылардың білім алу нәтижелері Google электрондық кестелеріне автоматты түрде тіркеледі.

Сондай-ақ  спикер Сұлу Нағашыбайқызы кафедраның ПОҚ-на осы қосымшаға тест енгізу жолын рет-ретімен түсіндіріп, аталған қосымшаның барлық мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Одан өзге ғылыми-әдістемелік семинардың күн тәртібі бойынша «Socrative қосымшасын студенттердің білім деңгейін бағалауда қолдану» тақырыбына ф.ғ.к., доцент В.А.Жақсыбаеваның  баяндамасы тыңдалды.

Спикерлердің бірі Венара Әнуарқызы студенттердің тест тапсырмаларын өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін Socrative қосымшасын қашықтан оқыту жағдайында қолданудың тиімділігін ерекше атады.

Оқытушыларға арналған семинарда тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер толық жауап берді.

Ұқсас жазбалар