Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университет проректоры Құрбан айт мерекесімен құттықтады

30/07/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен  құттықтады.

Қадірлі қауым!

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Берекеге бастаған құрбан айт ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке, мейірім мен кешірімге үндейді.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын  мейрам.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымыз және шалған құрбандықтарымыз қабыл болсын!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін!

Жер бетінен жұқпалы дерт жойылып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді жазғай!

Құрбан айт құтты болсын!

Еске салсақ, биыл елімізде құрбан  айт 31 шілде күні басталады.

Ұқсас жазбалар