Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университет ректоры мен Бас хатшысы Жастар тәрбиесіне қатысты конференцияда баяндама жасады

27/02/2019

 

«Жастар тәрбиесіндегі діннің рөлі» деп аталатын конференция Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері мен дін қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылған. Қазіргі күнде өзекті тақырыпты көтерген бұл конференцияға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен Бас хатшы, белгілі исламтанушы Рахымжан Әкімбеков арнайы шақырылып, баяндама жасады.

  • Жастар елдің болашағы. Сіздердің әрқайсыларыңыз осы қазақ елінің елшісісіздер. Сондықтан білімді де сауатты, салауатты болуларыңыз сіздердің өздеріңізбен ғана шектелмейді, ең әуелі мемлекеттің мәртебесін өсіретінін есте ұстаңыздар, — деген ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат ислам дініндегі жастар тәрбиесі жайлы кеңінен насихат айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Ал бас хатшы Рахымжан Әкімбеков: «Елдің ертеңін білгің келсе, бүгінгі жастарына қара» деген нақыл бар. Яғни бүгінгі жас ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар болғандықтан, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі болашақта жемісін ұсынбақ. Жастық шақ – нығмет. Алайда оны дұрыс қолданбау – әр адам үшін қасірет болмақ. Ендеше, бар игіліктің көзі болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасиетті тағылымынан жастарға тәрбие берсек, бұл дүниемізбен қатар ақыретімізде де бірдей игілікке қол жеткізеріміз анық»,-дей келе аят, хадистермен тағылымды сөз сөйлеп, жастарға ой тастады.

Ұйымдастырушылар мұндай шараның жастардың сенімін нығайтып, шынайы ислам келбетін танып, жат ағымдар жетегіне кетпеуі үшін маңызды екен айтуда. Сондықтан Нұр-Мүбарак университеті еліміздегі тұрақтылық пен шынайы исламның мұнарасын көтерген нағыз жоғары білім шаңырағы екендігін айтып, келген қонақтарға алғысын жаудырды.

 

 

 

Ұқсас жазбалар