Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университет жатақханасында екінші  дүкен ашылды

21/12/2018

Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасы 700-ге жуық адамға есептелген. Олардың күнделікті нан-шайы, тұз-майы үшін бір дүкен жұмыс істейтін. Жатақхана екі корпусқа бөлінгендіктен, қыздар тарапта дүкеннің қажеттігі жиі байқалатын. Сондықтан белсенді топтың ұйытқы болуымен жатақхананың қыздар секторында азық-түлік дүкені ашылды. Бұл қыздар үшін өте қуанышты жағдай еді. Сол себепті сүйінші жаңалықтың тұсауын кесу үшін университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев,  Іс басқарушысы Сұлтанхан Олжабаев пен Тәрбие және дін істері бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдманов мырзалар арнайы келді.

Студенттер шашу шашып, басшылардан бата алды. Құрметті қонақтар да тұсаукесермен ғана шектелмей, дүкендерің берекелі болсын деген ниетпен «Бісміллә» деп да алғашқы сауданы да жасады. Өз корпустарында дүкен ашылғанына қуанып жүрген қыздар қауымы да енді азық-түлік үшін алысқа сабылмайтынын айтып та жатты.

 

 

Ұқсас жазбалар