Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университетте ғылыми кеңестің мәжілісі өтті

11/09/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2020-2021 оқу жылының басталуына орай Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Жиналысқа университет ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди,  проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев, сапа менеджмент бөлімінің меңгерушісі Шамшат Әділбаева, ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі Гүлім Имашева, IT бөлімінің меңгерушісі Серік Бердібеков, Қашықтан білім беру орталығының басшысы Ермек Мендыбаев, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шамшәдин Керім, оқытушы-профессорлар құрамы мен  кафедра меңгерушілері қатысты.

Мәжіліс барысында қабылдау комиссиясының 2020-2021 оқу жылына жүргізген жұмыстарының есебі қаралып, университеттің даму стратегиясы шеңберінде кезекті 2020-2021 оқу жылына ұжым тапсырмалары берілді.

Сонымен қатар ғылыми кеңестің жаңа құрамын бекіту мәселесі қаралып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымдары туралы мәселелер талқыланды.

Ұқсас жазбалар