Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университетте ИСЕСКО ұйымдастырған семинар қатысушылары сертификат алды

05/10/2018

 

 

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде араб тілін оқытуға қатысты бір апталық семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ИСЕСКО  ұйымдастырған бұл шараға еліміздегі 9 медресе-колледждерден келген 30  ұстаз біліктілігін арттырды. Олар бес күн бойы араб тілін оқытудағы жаңа тәсілдер мен ерекшеліктерімен танысты.

«Бұл семинардан үйренгеніміз мол. Өйкені күн сайын жаңа ақпараттар мен жаңалықтармен жарысқан жаңа технологиялық мүмкіндіктер біздің дәрістерді қызықты әрі тиімді өткізудің тәсілдерімен таныстық. Ұстаз әрдайым ізденісте болмаса, шәкірттерге де қызықсыз болып қалады. Сондықтан бұл бес күн бізге жаңа серпін бергендей», — дейді тренингке қатысушы ұстаздар.

Семинар-тренингтің бас-қасында  ИСЕСКО ұйымы директоратының басшысы Адел Бурауи, Ұлттық сарапшы доктор Рамзи Ромдани, доктор Амр Абделмонем, Александр Тарак мырзалар болды. Бүгін барлық ұстаздарға сертификат беріліп, болашақта білімдерін арттыра берулеріне тілектестік білдіріп, семинар-тренинг өткізуге жағдай жасаған қазақстандық тарапқа  шексіз ризашылығын жеткізді. Ал қатысушы араб тілінің оқытушылары да  Ұстаздар күні қарсаңында білімдерін арттырып, жаңаша серпін алуға мүмкіндік жасаушы ИСЕСКО ұйымы, ҚМДБ-сы мен Нұр-Мүбарак университитетіне жүрекжарды алғыстарын жаудырды. Осынша жақсылық пен қуанышқа себеп болған білім шарасы болашақта жалғасын таппақ.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар