Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университетте Құран қариларының үздіктері анықталды

19/04/2018

Нұр-Мүбарак университеті студенттері арасында қасиетті Құран Кәрімнің 1, 3, 5, 10 паралары бойынша ер балалар арасында жатқа оқудан жарыс өтті. Шартқа сай  жарысқа қатысушы Құран Кәрімнің қай параларынан қатысуды өзі таңдайды, ал  1 мен 3 пара бөліміне жоғарғы курс пен Құранның 10 парасынан жоғары  жаттаған студенттер қатыса алмайды.

Құрамында ғылым докторлары әрі қасиетті Құран хафиз-қарилары Саид Абдулмажит, Хасан Матар Хусейн, Саид Хасан Хусейн, докторант қари Құрмет Смағулов, Оралхан Сейдманов, аға оқытушы Нұрлан  Сейтмаматовтардан құралған қазылар алқасы әрбір қаридың біліктілігін, жаттау деңгейі мен тәжуидтегі дұрыстықтары мән берді. Нәтижесінде:

I пара: 1-орын Душатов Алиxан, 2-орын Тастанов Уланбек, 3-орын Торғайбеков Айбек.

ІІІ пара бойынша: 1-орын Ерғазыұлы Ербол, 2-орын Нұрболат Құмырбек, 3-орын Абильқозиев Абай. V пара бойынша: 1-орын  Долдаев Нұрбол, 2-орын Қабылxан Алмат, 3-орын Мұханбетжанов Тұрым.

Х пара бойынша 1-орын Басиев Муxаммедамин, 2-орын Табын Муxаммедсали, 3-орын Аманкелді Бірлік иеленді.

Жеңімпаздарға университет басшылары ректор, профессор Жуда Басюни, проректор, профессор Шамшәдин Керім арнайы алғыс хат беріп,  жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табыс етті. Барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс айтылып, қасиетті Құранды жаттаған әрбір еңбегіне Рахымды Раббымыз екі дүниеде мерейлерін үстем еткей деп деп бата берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар