Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университетте шет тілдерін оқыту курстары жұмыстарын бастады

11/01/2019

Тіл үйрену – қашанда адамға артық мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінде студенттермен қатар қала тұрғындары үшін де шет тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, ол алғашқы дәрістерін бастады.

Ағылшын, қазақ, араб, түрік, француз тілдерін үйретуді көздеген курс жайлы университеттің Маркетинг бөлімінің маманы Мәжит Ғабитұлы сөзге тарттық:

 

 

  • Қазір араб және ағылшын тілдерін үйретуді бастап кеттік. Маркетингтік тәсілмен ұйымдастырылған жобаға әуелі 100-ден аса адам өтініш білдірді. Біз барынша университетіміздегі білікті ұстаздарды тартып жатырмыз. Болашақта бұл курстарды тұрақты әрі алматылықтар үшін аса тиімді тіл орталығы болса деген ниеттеміз, — деді.

Яғни курстың бағасы да қала бойынша ең тиімді әрі университеттің білікті мамандары дәріс береді. Қазір ағылшын және араб тілі курстары жұмысын бастаса, келесі сатыда қазақ, түрік, француз тілдерін дамыту жоспарлануда. Оларға, әлбетте ең білікті, дәріс беру тәсілі озық оқытушылар қамтылмақ.