• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Нұр-Мүбарак университетінің жаңа басшылығын ЕАР Уақыфтар министрі қабылдады

Нұр-Мүбарак университетінің жаңа басшылығын ЕАР Уақыфтар министрі қабылдады

11/09/2018

    Мысыр астанасы Каир қаласында өткен Нұр-Мүбарак университетінің Қамқорлар кеңесінің 7-ші отырысында университет ...

 

 

Мысыр астанасы Каир қаласында өткен Нұр-Мүбарак университетінің Қамқорлар кеңесінің 7-ші отырысында университет  ректоры болып жаңадан профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди тағайындалған болатын.

Осыған дейін, яғни Қамқорлар кеңесінің 6-шы отырысында доктор, профессор Жуда Басюни тағайындалып, 4 жыл қызмет мерзімі аяқталған еді. Ал Қазақстан тарапынан проректорлық қызметке PhD, доцент Қайрат Құрманбаев тағайындалғаны белгілі.

17 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнының жаңа басшылық құрамын Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма арнайы қабылдады. Басты мақсат, университеттің даму жоспары, стратегиялық мүмкіндіктерін талқылау. Себебі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен бірлескен мұндай бірегей жоба тек Қазақстанға ғана нәсіп болып тұр. Жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы, араб-ағылшын тіл мамандарын даярлауда атақты әл-Азһар университетінің таңдаулы ғалымдары дәріс беріп, қазақстандық жастардың өзге елдерге кетуіне тосқауыл болып, елімізде білім алуы өз жемісін де бере бастағаны белгілі. Себебі Нұр-Мүбарак университеті білікті дін мамандарын даярлап қана қоймай, еліміздегі ислам ғылымының қара шаңырағына айналды. Осындай жетістіктерді жетілдіру жоспарлары Каир қаласында өткен келелі кездесуде жаңа серпін алды деген сенім мол.

ЕАР Уақыфтар министрі М.М.Жұма мырза тек діни мамандар даярлауда ғана емес Мысыр мен қазақ елінің арасында алтын көпірге айналған университеттің жаңа басшылығына зор сенім артып, ізгі тілектерін білдірді.