УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАС ІЗДЕНУШІ ҒАЛЫМДАРЫ ӘЛЕМДІК ИСЛАМ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСЕТІ

Нұр-Мубарак университетінің қос докторанты әрі Әбу Ханифа ҒЗО мамандары  Ыстанбұл қаласындағы Ислам ынтымақтастық ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығына (IRCICA) ат басын бұрды. Әлемдік деңгейдегі орталық директоры, профессор Әбу Бәкәр Сенгор мырзаның ресми қабылдауында болып, жалпы мақсат-міндеттері жайында танысты. 

Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығынан жарық көріп жатқан еңбектер жайында атап өтіп, жақын арада «Дін және қоғам» сериясы бойынша кітаптар шығара бастағанын жеткізді. Әбу Бәкәр Сенгор мырза дінді тек құлшылықпен, намазбен шектеудің қате екендігін тілге тиек етіп, керісінше дін ол біздің барлық өмірімізді қамтитындығын айтып, бұл бастаманы қуанышпен құптапты.

Кездесу  соңында ғылым ізденуші докторанттар ғылыми негізде алғашқы әрі басты еңбек саналатын «Исламтану зерттеулері» сериясы бойынша жарық көрген 5 томдық кітаптарды сыйға тартты.
IRCICA басшысы да орталық тарапынан дайындалған зерттеулерді көрсетіп, сыйға берді.
Қос докторант осындай ізгі сапар үшін Университет пен кездесуді ұйымдастырған белгілі ғалым, профессор Әшірбек Муминов мырзаға алғыс білдірді.

73