Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

 Ұстазға құрмет – ұлылықтың бастауы!

10/10/2016

Халықаралық  ұстаздар күнін  «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері ерекше атап өтті. Әлбетте «Бір әріп үйреткенге қырық күн сәлем» деген халықтың бүгінгі ұрпағы үшін «Ұстаз» деген ұғым қашанда  маңызды.  Сондықтан студент қыз келіншектер университеттің білім саласында қызмет етуші нәзік жанды ұстаздар қауымына ерекше ілтипаттарын арнайы білдірді.

Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің!

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең…-деп ақындарымыз жырлағандай, ұстаздық қызмет қашанда руханият пен ізгіліктің, ілімнің қайнар бұлағы ретінде бағаланады. Сондықтан Нұр-Мүбарактың нәзік жанды шәкірттері салтанатты мерекені Мемлекеттік әнұран мен қасиетті Құран оқумен бастады. Ұстаздар алдында өз шығармашылықтарын барынша арнап, жүрек жарды лебіздерін үйіп төкті. Шәкірттердің ерекше ықыласына бөленген ұстаздар қауымы да өз алғыстарын жаудырып, шәкірттеріне әрдайым сәттілік тіледі.

 

ustazkuni1

 

ustazkuni2

 

ustazkuni3

ustazkuni4

 

ustazkuni5

ustazkuni6

 

ustazkuni7

 

ustazkuni8

Ұқсас жазбалар